Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Сондықтан да бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізілуде. Басты мақсат – оқушылардың тілді жақсы меңгеруіне жағдай жасау. Өзге тілде оқитын мектептердегі балалар қазақ тілін, қазақ мектептегі балалар орыс тілін жақсы меңгеріп шығуына мүмкіндік туғызу. Сондай-ақ ағылшын тіліне тек арнайы мектептің оқушылары ғана емес барша қазақстандық балалар жетік болуына жол ашу. Осы орайда біздің Қарабұлақ орта мектебінің мұғалімдері де осы бір міндетті жүзеге асырудан сырт қалған жоқ. Әдеттегідей, ақпараттық стенд жаңартылды. Бұл ақпараттық стендтен оқушылар физика, биология, химия және информатика пәндері бойынша қызықты, әрі пайдалы мағлұмат ала алады. Аз да болса өз үлесімізді қосып, балалардың пәндер бойынша түсініктерін ағылшын тілінде қалыптастырып, оны алдағы уақытта тереңдетіп оқиды деген сенімдеміз.