17.10.2021
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ халқы- табиғатынан үлкенді қадір тұтып құрметтеген халық. Сондықтан да қоғамызда қарияларға деген қамқорлық қашанда ерекше болған.
Осы үрдісті жалғастыру мақсатында 6 -7 "А" сынып оқушылардың қатысуымен "Қариялар асыл қазынам" атты ақциясы өткізілді.
Белсенді оқушылар еңбек ардагері Мешел Оралған апамыздың ауласындағы ағаштың жапырақтарын тазалап, шаңырағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қайырымдылық ақциясының мақсаты қарттарымызға қамқорлық танытып, қоғамымызды мейірімді болуға шақыру. Ақцияның ерекшелігі ардагерлердің бір күндік тіршілігіне ат салысу.Соңында апамыз жастарға ризашылығын білдіріп, батасын берді. Оқушылар Оралған апайды құттықтап өз тілектерін білдірді.