03.12.2021
Менің елім - Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел.
Арта берсін, абыройың, атағың...
Біздің мектепте үлкен салтанатты оқиға! Тұңғыш Президент күні қарсаңында "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының қатарына қабылдауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Біздің мерекеміздің қонағы Қарабұлақ ауылының әкімі Исмагулов Мусульманбек Баукенұлы болды.
Тағы бір маңызды оқиға - Мектеп Ұланбасы Сәрсенованың ҚР БҒМ ЖБК Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі балалар өкілдігінің республикалық кеңесінің мүшесі болып табылатындығын растайтын куәлігін табыс ету.
Біз "Жас Ұлан" республикалық ұйымының жаңа мүшелерін осы тамаша оқиғамен құттықтаймыз! Оларға оқуда табыс, зияткерлік жетістіктер мен шығармашылық жеңістер тілейміз!