Текст
2022 жылдың 10 наурызында кітапханашылардың қалалық семинары өтті. (мектеп кітапханасының меңгерушісі Искакова Айнагүл Аманбайқызы) СЕМИНАР ТАҚЫРЫБЫ: «Балаларды кітап оқуға баулудың формалары мен әдістері». Мақсаты: Қазіргі оқушының оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру, оның рухани-адамгершілік және интеллектуалдық дамуының шарты Жұмыс бағыты: Кітапхана имиджін жасау. Жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану. Семинарға Степногорск қалалық білім бөлімінің әдіскері Сташенко Ирина Борисовна, мектеп кітапханашыларының ГМО жетекшісі Миславская Валентина Николаевна қатысты. Семинарға қатысушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз!