Текст
2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.Акцияның ұраны: «Мектепке жол - шексіз мейірімділік.» Акцияның мақсаты – әлеуметтік осал отбасылары тобындағы балаларға материалдық көмек көрсету және оқу жылының басталуына дайындық кезінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы әр баланың мектепке баратын жолы қуанышқа толы болуы үшін атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, әрбір балаға көңіл мен шынайы қамқорлық көрсете алады.