2023 жылдың 7 ақпанында тарих пәнінің мұғалімі Мажитов Б.К. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған «Уақыт бізді таңдады» атты ашық сыныптан тыс іс-шара өтті. Оған «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Гамастинов Салихжан Ғалымжанұлы шақырылды. Іс-шараға: ШМО сынып жетекшілерінің үйлестірушісі Жахина Г.Б., «Гвардеец» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Култаев Н.У., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арипова Е.А. қатысты.
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні ауған ардагерлері үшін де мереке, сонымен қатар қаза болған барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні болып табылады. Бұл күн символдық болып табылады.
Онда жер бетіндегі ең қымбат нәрсе – өмірді, өз елінің мүддесін қорғап, ант берген жауынгерлер мен офицерлердің антына адалдығы, әскери борышы, майдандағы бауырластығы көрініс тапты. Қарабұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі Салихжан Ғалымжанұлына шексіз алғысын білдіреді. Және одан әрі ынтымақтастық пен өзара түсіністікке үміттенеміз.