Сабақтыңтақырыбы: |
§ 13. Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері. |
Сынып -11»А» |
Пән: химия |
Күні: 22.12.2017ж |
Мақсаты: |
Оқушыларды мұнайдың құрамы және қасиеттерімен, оны өңдеу арқылы алынатын өнімдерімен таныстыру, заттардың құрамы мен қасиеттерін салыстырып, ортақ қасиеттерін ажырата білуге, шығармашылық қабілеттерін ғылыми жаңалықтар бере отырып дамыту.Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу қабілеттерін жетілдіру. | |||
Күтілетін нәтиже: |
Оқушылар алған білімдерін қолдануды үйренеді,сауаттылықтары қалыптасады,көшбасшылықты көрсетеді.Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып,өзара сыйластық,ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады. | |||
Сабақтың түрі: |
Кіріктірілген жаңа сабақ | |||
Қолданылған әдістері мен тәсілдері: |
Диалогтық оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: Блум таксаномиясы Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек; АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; | |||
Пәнаралық байланыс: |
География,тарих, геология, биология | |||
Ресурстар: |
Оқулық,дәптер,қалам, стикер,түрлі- түсті қағаздар. Мұнай, мұнай өнімдерінің үлгілері, Қазақстанның экономикалық картасы. | |||
Сабақ кезеңдері: |
Мұғалімнің іс-әрекеті: |
Оқушылардың іс –әрекеті: | ||
Кезеңдері Ұйымдастыру:
|
Атом және молекулалар арқылы топқа бөлу. Топтастыру жүргізіледі. І -ІІ топ |
Мұғаліммен амандасады, топқа бөлінулері бойынша орындарына отырады | ||
Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын тексеру
|
Конверт-сұрақ Ашық сұрақтар арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. I-топ. Конверт 1.Тас көмірді кокстеу дегеніміз не? 2. Табиғи газдың құрамы қандай? 3. Құрғақ газ дегеніміз не? 4.Таскөмірден алынған өнңмдер қайда қолданылады?
I I-топ. Конверт 1..Көмірсутектердің табиғи көздерін ата. 2.Таскөмір шайырынан қандай заттар алуға болады? 3.Табиғи газдың мұнайға серік газдардан қандай айырмашылықтары бар? 4.Мұнайға серік газдарды ата. |
Оқушылардың жауабы | ||
Мағынаны тану Ой шақыру арқылы жаңа тақырыптың аты әріптер арқылы ашылады.
|
Жасырынған сөздерден сөйлемдер шығады. Мұнайнтугвстрплдшневыфмсмұнайдыңоримасвекуцбдлқұрамы,олтрипманесвкждхомқасиеттеріиторбзжхшгенжанелаинрюбдоргнекалынатынтапрнекаоөнімдері. Мұғалімнің сөзі. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері.термин .үш тілдік |
Берілген әріптер арқылы жаңа тақырыптың аты ашылады.
Күнді, тақырыпты дәптерлеріне жазады.
| ||
Негізгі бөлім:Блумтаксаномиясы бойынша «Білу»
|
І-топқа.Мұнайдың физикалық қасиеттері қандай?Мұнай-қара қоңыр түсті,өзіне тән иісі бар,май тәріздес қоймалжың сұйық зат. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Мұнай –жаңғыш зат ( парсы тілінен аударғанда-neft- тез оталғыш зат деген мағынаны білдіреді). Судан жеңіл, тығыздығы кездесетін орнына қарай 0,73-0,98 аралығында болады. ІІ –топқа.Сонымен мұнай жеке зат немесе қоспа ма? Мұнай – қоспа. Құрамына қарай парафинді, нафтенді, ароматты деп бөлінеді. Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады. Онышикі мұнай деп атайды. Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдарынан тазартып, өңдеуге жібереді. Тазартылған мұнай Тауарлық мұнай деп аталады |
Топтық жұмыс
(постер түрінде)
Сабақты тыңдап,еске сақтайды.
Спикер қорғайды | ||
«Түсіну»
Жеке жұмыс
|
І-топ: Мұнайдың құрамы туралы не білесіздер? Жауабы: Мұнай химиялық құрамы жағынан органикалық қосылыстардан тұрады, яғни оның негізі –С,Н. Мұнай құрамында көмірсутектерден басқа да аз мөлшерде органикалық қосылыстар болады.Ол қосылыстардың құрамына О,S,N және металдар кіреді. Шайыр және асфальт заттары сияқты үлкен молекулалы қосылыстар да бар. Мұнайдың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде де көмірсутектердің үш түрі – парафиндер, циклопарафиндер, аромат қосылыстар болады, бұл аталған көмірсутектердің барлығының мөлшері әр мұнай кенінде әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Маңғыстау мұнайы қаныққан көмірсутектерге, Баку аймағындағы мұнай циклопарафиндерге бай келеді. 2-топ. Мұнай табиғатта қалай пайда болады? Бұл сұрақ ғалымдар мен мамандар арасында бір ғасырға жуық уақыттан бері талас тудырып, бүгінгі күнге дейін өз шешімін таба қойған жоқ. Осы сұраққа қалай жауап берер едіңіздер. Жауабы:Ірі көлдер мен теңіз астында шамадан тыс өте көп балдырлар мен су жануарлары қалдықтарының ауасыз жағдайда бактериялар әсерінен шіруінен мұнай мен газ түзілген. Бұл процестердің жүруіне,әсіресе палеозой дәуірінің перм периоды өте қолайлы болған. Сондықтан да « мұнайдың көптеген ірі кен орындары сол кезеңде пайда болған» деген ғылыми болжам бар |
Сабақты тыңдап,еске сақтайды.
| ||
Бейнеүзінді
Қолдану |
«Қазақстан мұнайының шығу тарихы» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі. Сауалнама сұрақтар: 1) Қазіргі кезде жер қыртысынан мұнайды қалай өндіреді? Жер астынан бұрғылау арқылы шығарады. 2)Қазақстанда жылына қанша тонна мұнай өндіріледі? Қазіргіуақытта Қазақстан жылына 50млн. тонна мұнай өндіреді. 3)Қазақстаннның мұнайға бай аймақтарын атаңыз? Қазақстанның мұнайға бай аймақтары: Ақтөбе, Атырау, Орал, Маңғыстау. 4)Маңғыстау мұнайы мен Баку мұнайының айырмашылығы қандай? Маңғыстау мұнайы парафинге, Баку мұнайы циклопарафинге бай. 5)Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады? Ашық түсті мұнай өнімдері: бензин, лигройн, керосин, газойль. 6)Өнеркәсіптік крекинг-үрдісін ашқан кім? Өнеркәсіптік крекинг үрдісін В.Г.Шухов ашқан. 7)Детонанация дегеніміз не? Бензинніңқопарылыстүріндежануы. 8)Қазақмұнайыныңжүзжылдықмерейтойықайжылыболды? 100 жылдықмерейтойды1999жылы тойлады. |
Оқушылар бейне үзіндіні көреді.
Оқушы тапсырманы жеке орындайды. | ||
Талдау (кітаппен жұмыс) |
Есеп шығару |
Талдау нәтижесін түсіндіреді | ||
Жинақтау |
№4 Зертханалық жұмыс. Мұнай өңдеу өнімдерінің үлгілерімен танысу |
Кесте толтыру | ||
Ой толғаныс Синтезсалыстыру |
«Орнын тап» ойыны 1.Табиғи газ-метан (СН4 ),этан (C2H6), пропан (C3H8), бутан (C4H10). 2.Мұнай-бензин, лигроин, керосин, газойль. 3. Таскөмір- кокс газын, кокс, аммиак суын, таскөмір шайырын алады.
|
Екі қатар бойынша тапсырманы орындайды. | ||
Топтық жұмыс
|
Тест жұмысы 1-топ. 1.Мұнай қандай зат? А.судаерімейді,жанбайды; Ә.майтәріздісұйықтық,иісіжоқ; Б.Суданауыр; В.майтәріздісұйықтық,жанғыш 2.Қазақстандағыеңалғашқыигерілгенмұнайкенорны: а) Доссор ә)Өзен б) Қашаған в) Теңіз 3. Қазақстандағыірімұнай-газ алабы: а) ОңтүстікТорғай; ә)Маңғыстау; б) Шу-Сарысу; в) Орал-Ембі; 4.Табиғи газдың құрамында метаннан басқа мына газдар бар: А.Этан,Этилен,ацетилен; Ә.Этан, Пропан, Бутан; Б.Бутан,Пентан,Изобутан; В.Пентан,Гексан,Гептан; 5. Мұнайдыөндегендеқандайзаталынады? А) бензин; ә) сүйытылған газ; б) майлайтын май; в) аталғанныңбәрі; Тест жұмысы 11-топ. 1.Мұнай фракцияларынан алынған трактор жағар майы: А.Бензин Ә.Лигроин Б.Мазут В.Газоиль 2.Мұнайдан алынбайтын зат: А.Мазут Ә.Керосин Б.Крахмал В.Бензин 3.Мұнайды тұтынушыға құбырдан басқа қандай жолмен жеткізеді? А) әуе; ә) автокөлік; б) танкер; в) күш көлігі; 4. Мұнай өндейтін зауыт қай қалада орналасқан? А) Алматы; ә) Астана; б) Атырау; в) Семей; 5. Қайсы кен орындары ең ірілердің қатарына жатады? А) Доссор; ә) Мақат; б) Қаражамбас; в) Теңіз;
|
Топта тапсырманы талқылайды.Өз ойларын айтады.
Сабақтың ұнап, ұнамағанын білдіретін стикерге жазады | ||
Қорытынды
|
Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (V, Ni, Ca, Mg, Fe, Al, Si, Na, т.б) бар Қазақстан мұнай қорынан дүниежүзінде 10, ал оны өндіру көлемінен 11 орынды алып отыр.«Мұнай мен газ- Қазақстанның басты шикізат байлығы, оның болашақ гүлденуінің негізі». Елбасының өзі мұнайға осындай баға берген. Ендеше « Ел экономикасының тірегі- мұнай» деп сабағымызды аяқтаймыз. |
| ||
Үйге тапсырма |
§13 бет 82-87 №7,8 |
| ||
Бағалау |
Топаралық бағалау |
| ||
Рефлексия |
Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізеді. Рефлексия жасайды . |
|