Биылғы 2017-2018 жылындағы оқу ісімен, тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртуды басымдықты идеяларын оқушылар бойына сіңіру, тәрбиелеу. – Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру үдерістерінің басталғанынкепілі.
Мақаланың кіріспе сөзінде былай дейді: «Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады». Бұл сөздер – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсететін жол.Болашаққа бағдар ретінде әрбір Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің студент жастары Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған мақсаттарына кіріктіре отырып, еліміздің интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосады деген сенімдемін. Жастардың, әсіресе, студент жастардың, интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді. Сонымен қатар олардың рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Рухани жаңғыру – әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухани тамырынан нәр алған құндылықтары мен оның жаһандық өзгерістерді дұрыс бойына сіңіруі.
Еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін Елбасымыз «прагматизм» сөзіне көңіл бөлуді ұсынады. Мақалада Елбасы «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз» деп түсіндіреді. Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, мен рухани мәдениетінің дамуы үшін, еліміздің экономикасының өсуі үшін қазіргі кезде адам құндылықтарының кемелденуі мен өзінің кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы, сонымен бірге жеке тұлғаның ұлттық байлықты ескере отырып өздігінен кемелденіп дамуы әсер етуші ең маңызды фактор деп сенемін. Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды. Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы.
Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Біздің мектепте де «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаның іске асуына ұстаздар ұжымының жетекшілігімен оқушыларымыз көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өтіп жатқан байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орын алған оқушылар да бар, әрине ата-аналардың қолдауымен. Оқушылар өздері қатысқан байқауларда өздерінің білімі мен шығармашылық қабілеттерін, интеллектуалдық ой-өрісін көрсете біледі, жан-жақты ойлауға үйренеді, өз пікірілерін ашық айтуға үйренеді.Мектебімізде мұғалімдер ұжымы «латын әлипбиіне көшу» туралы жоспар құрып, жұмыс жасауда.
Сыныпта, мектепте өтетін бүкіл іс-шаралар осы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасына бағытталған.Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен аяқтаймын.