"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Карабулак отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰБТ-ға 11– сыныптардың математика пәнінен дайындық барысы туралы есеп

17.01.2018

11 – сыныптардың математика пәнінен дайындық барысы туралы есеп

ҰБТ-ға қорытынды дайындық негізіндегі мұғалімнің мақсаты:

§  жыл бойы жүйелі қайталау барысында 10-11 сыныптағы математикалық білімдерін тереңдету;

§  математиканың 5-9 және 10-11 сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау барысында оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыру дағдысын қалыптастыру;

§  оқушылардың математикалық білімдерін өз бетімен жинақтап жүйелеу арқылы ҰБТ-ға өз бетімен дайындалу дағдысын қалыптастыру.

Математикадан ҰБТ-ден қандай нәтиже күтетіні жөнінде сауалнама :

а) математикадан қанағатанарлық баға алу;

ә) математикадан « жақсы» , «өте жақсы» деген баға алу;

б) жоғары оқу орнынына түсу үшін жоғары балл жинау.

Математиканың әртүрлі тараулары бойынша оқушылылардың білім, білік    дағдыларының деңгейін анықтау.

ІІІ. Оқушылардың таңдаған қайталау бағдарламалары бойынша  өз бетіндік оқу әрекетін ұйымдастыру кезеңі.

1.Сынақ.

2. Білім, біліктерді толықтыру, түзету.

3.  ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушылыларды есепті уақытқа шығаруға дағдыландыру қажет.

Есеп шығару кезінде калькуляторларды жинап алып, оқушының тек өзі есептеуін қадағалау керек.

Есептің шығарылуы тексеріліп, талданып, оқушыларға кемшіліктері ескеріліп отырылады. Бұл олардың ынталануына, логикалық ой-өрісінің артуына, ми қызметін тез арада есепке жұмылдыруына ықпал етеді

Ай сайын оқушылардың білімін математика бойынша тексеріп, қорытындысы сынып көлемінде талқыланады.

Аралық бақылауда 25 есептен кем берілмейді және уақытқа әр есепке 1-1,5 минут шамасында шектеу қойылады. Ата-аналарын жинап, оларға балаларының дамуын немесе тоқырап қалғанын айту керек, тоқыраудың неліктен болғанын талдап, одан шығу жолдарын белгілеу қажет.

Есеп шығаруда шектеу қоюдың аса маңызды психологиялық әсері бар. ҰБТ кезінде берілетін 3-3,5 сағат уақыт оқушыға соншалықты көп сияқты көрінгенмен, өз бетімен есеп шығаратын бала үшін тез арада өте шығады. Сондықтан дағдыланбаған бала өз уақытын алғашқы 20-30 минутын асықпай босқа өткізеді. Ал тест бітер кезде уақыт жетпей, қатты қиналады да кездейсоқ белгілеп шығады.

Математиканы меңгеруге кешенді түрде дайындау- оқушыны тек ҰБТ-ға дайындау үшін емес, оны болашақ жоғары оқу орнына лайықты етіп дайындаудың бірден-бір кепілі.

VІ Қорытынды.  Оқушыларды математикадан ҰБТ-ға дайындау кезінде келесі  әдістемені қолданудың тиімді екендігі байқалды:

1. Оқушыларды есепті уақытқа шығаруға дағдыландыру, есеп шығаруға берілетін уақытты шектеу арқылы өз мүмкіндігін толық пайдалану үшін ынта- жігерін жұмылдыруды қалыптастыру;

2.    ҰБТ кезінде уақытты бос кетірмей, әр минутты тиімді пайдалануды дағдыландыруға психологиялық тұрғыдан дайындау;

3. Оқушылардың ҰБТ-ға өз бетімен дайындалуын ұйымдастыру;

4.    Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітімді көпнұсқалы оқытуға көшу сияқты мәселелері мұғалімдерден шығармашылықты, және бөлек көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. «

Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін- білім»- деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, еліміздің келешегі кемелі білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.

   Математикадан алынған сынақ тапсырмалары бойынша оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері нашар екенін көрсетті. Дайындық әр сабақта және сәрсенбі күні түстен кейінгі уақытта жүргізіліп отырды. Әрбір тапсырылған сынақ кітапшаларымен толық жұмыс жасалып отырды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст